Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, мерейлі мереке «Ұлттық домбыра» күні құтты болсын!
Бабадан балаға мұра болып, сан ғасырдан бері сарқыттай сақталған саз аспабымыз домбыра - ұлтқа мирас, ұрпаққа аманат, сондықтан да қазақ мәдениетінде қасиетті домбыраның алар орны айрықша биік, аса құнды.
Қасиетті домбыра - жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыка мен классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндік аясы мүлде кең, бірегей дүние. Домбыраның сиқырлы әуені - қазақ халқының өткен өмірінің өшпес ізі, өлмес мұрасы.
Бүгінгі ұлттық мереке - отандастарымызға туған тіл мен мәдени құндылықтарды игеру тұрғысынан қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, талантты өнерпаздарды анықтау, музыкалық мәдениетті дәріптеу, ұлттық өнерді жан-жақты байыту, өскелең ұрпақты төзімділік пен достық бағытында тәрбиелеу, тарихи тағдырлар мен мүдделердің ортақтығы түсінігін қалыптастыруда.
Шетелдегі этникалық қазақтар мен қаны бір қандастарға қашанда қамқорлық жасайтын «Отандастар қоры» Қоғамының атынан бейбітшілік пен береке бесігіне айналған елімізге тыныштық, жерімізге - ырыс-құт, халқымызға амандық тілейміз!
Абыройымыз асқақ, мерейіміз үстем болып, тұғыры берік Қазақстанның тұлғасы биіктей берсін! Берік іргеміз, Біз әркез біргеміз, Отандастар!!!
Вице-президент М. Сарбасов