Құрметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің ұжымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймыз!
Полиция қызметі - азаматтардың қауіпсіздігін, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын аса жауапты мамандық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізге 1 миллионнан астам этникалық қазақтар қоныс аударып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосуда.
Осы ретте, Сіздермен қолжеткізілген әріптестік байланыстың арқасында шетелден қоныс аударған және еліміздегі қандастардың көші-қон үдерісі кезеңінде қазақстандық қоғамға сәтті бейімделуіне бағытталған жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанына алғысымызды білдіреміз!
Алдағы уақытта елімізді дамыту жолындағы жұмыстарыңызға толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Құрметпен, «Отандастар Қоры» КеАҚ