Сурет салу байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия отырысы өтті

21 Маусым, 2021

Бүгін “Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері” атты сурет салу байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия отырысы өтті. Комиссия құрамы:

- Дидар Болат - “Отандастар Қоры” КеАҚ Жобалар координаторы;

- Нұржан Сейсенбек - Ш. Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас менеджері;

- Нұрымжан Жұмағазиев - “Отандастар Қоры” КеАҚ баспасөз хатшысы;

- Алжан Шарипов, Еңлік Бердірахманова - “Отандастар Қоры” КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің қызметкерлері.
 
Байқау қазақ тілі курсы аясында қазақ тілін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға Өзбекстан, Франция, Германия, Польша, Украина, Ресей, Моңғолия, Иран және Қазақстаннан 70 адам қатысты.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, ал барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
 
Жеңімпаздардың есімі 22 маусымда жарияланады.

Сурет салу байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия отырысы өтті