Елордада Еуразиялық Дизайнерлер одағының халықаралық ретроспективті көрмесі ашылды

2021 жылғы 9 маусым күні ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еуразиялық Дизайнерлер одағының халықаралық ретроспективті көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шара ҚР «Еуразиялық дизайнерлер одағы», ҚР Мәдениет және спорт министрігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және т.б. ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – қазақстандық дизайнерлердің, суретшілердің еңбегін әлемдік нарыққа шығару, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықта еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін ілгерілету.

Көрме аясында киім дизайны, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, сондай-ақ зергерлік әшекейлер көрмесі ұсынылды.

Іс-шараға Еуразиялық Дизайнерлер одағының өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

09 Маусым 2021

Кері байланыс

Записаться