1. Байқауға шетелде тұратын, 16 жастан асқан, отандастар қатарынан тілек білдірушілердің барлығы бірдей қатыса алады;
2. Байқауға қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы сайтта тіркеуден өтуі тиіс:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScFXjinscyMzbneA_uDqNriY-xsSHpxICZRfXx-i4axu0MmcQ/viewform?usp=sf_link
3. Байқау жұмыстары мына электронды мекен-жайға қабылданады: otanevents@mail.ru міндетті түрде қосымша ілеспе хатымен бірге.
Ілеспе хатта төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
- А.Т.Ә., туған жылы, айы, күні және байланыс деректері (елдің коды мен телефон номері);
- Қай номинация бойынша жолданғаны нақты жазылған байқау жұмысының атауы;
- Түсіру орны мен қысқаша сипаттамасы көрсетілген суреттің атауы (100 символдан артық емес);
4. Әрбір қатысушы кез келген номинация бойынша 1 (бір) байқау жұмысын жібере алады (1, 2 немесе 3 номинацияға қатысуына мүмкіндік бар);
5. Байқауға қатысқан фотожұмыстардың авторлық құқығы «Отандастар қоры» КеАҚ-на (бұдан әрі - Қоғам) беріледі.
Байқаудың межелі мерзімі
1. Байқау 2021 жылғы 1 маусым мен 27 тамыз аралығында өтеді;
2. Байқауға тіркелу және байқау жұмыстарын қабылдау 2021 жылғы 1 маусымнан 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
3. Байқау қорытындысы Қоғамның ресми сайтында және әлеуметтік желілерде 2021 жылғы 27 тамызда жарияланады.
Байқаудың номинациялары:
1. «Әдемі тұлғалар» (шетелде тұратын отандастардың фотопортреттері);
2. «Менің сүйікті өлкем» (киелі нысандар, қала пейзаждары мен ландшафттары, табиғаттың көркем көріністері мен қорғауға алынған табиғи орындар және т. б.);
3. «Тұрмыс және салт-дәстүрлер» (шетелдегі қазақ қауымының тұрмыс-салты, халықтық мерекелер, қолөнер, шаруашылық және т.б.).
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
1. Байқауға аталған номинациялар бойынша тақырыпқа және техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген фотосуреттер ұсынылады;
2. Байқауға бұрын жарияланбаған және басқа конкурстар мен көрмелерге қатыспаған жұмыстар ғана қабылданады;
3. Байқау жұмыстары тақырыпқа және байқау номинацияларының біріне сәйкес келуі тиіс;
4. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:
- JPEG форматта;
- 300 dpi сурет ажыратымдылығы;
- өлшемі 5 Мб-дан артық емес;
5. Фотосуретте авторлық плашка, жақтаулар, дақтар, қолтаңба және т. б. басы артық белгілер болмауы керек.;
6. Фотосуреттер кез келген түсті гаммада ұсынылады (автордың қалауы бойынша);
7. Фотобайқауға жарнамалық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды;
8. Белгіленген межелі мерзім өтіп кеткен соң жіберілген байқау жұмыстары қарауға қабылданбайды.
Байқау жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдарды тапсыру үшін жүлдегерлер Түркістан қаласында өтетін Отандастар форумына шақырылады.