«Отандастар қоры» сурет салу байқауын жариялайды

12 Мамыр, 2021

«Отандастар қоры» онлайн қазақ тілі курсы аясында сурет салу байқауын жариялайды.
 
Байқау тақырыбы: “Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері”.

Байқауға қатысу шарттары:

1. Біз ұсынған 10 кейіпкердің сипаттамаларымен танысу(https://t.me/otandastar_qory телеграм каналына PDF форматында жүктелетін болады). Өзіңізге ұнаған кейіпкерді таңдап, суретін салу.

2. Alzhan.sharipov@gmail.com электронды поштасына:
- салған суретіңізді (кейіпкер аты көрсетілген, PDF форматында);
- толық аты-жөніңізді;
- тұрғылықты жеріңізді (мемлекет, қала, аудан, ауыл т.б.);
- байланыс нөміріңізді (Whats App/Telegram) жазып жіберу қажет.
 
Байқауға қатысудың соңғы күні - 2021 жылдың 6 маусымы.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады!

Іске сәт!

«Отандастар қоры» сурет салу байқауын жариялайды