Думан Халмет атамекенге көшіп келген соң кәсіпкерлікпен шұғылдануды бастаған. Алғашында Қытайдан скоч өнімдерін әкеліп сатумен айналысқан. Біртіндеп осы өнімдерді Қазақстанда өндіруді қолға алады.
Қазір отандық скоч өнімдерін шығаратын жеке кәсіпорыны бар. 40-тан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс орталықтарынан филиалдарын аша бастаған. "Даму" бағдарламасы арқылы жеңілдікті несие алып, өндірісті кеңейтіп, жан-жақты жолға қойған. Думан Халметтің кәсіпкерлік жолы шетелдегі және елдегі қандастарымызға үлгі болуға лайық.
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында: https://qazradio.fm/kz/news/19841/