"Еліміздегі ЖОО-да оқып жатқан 7 мыңға жуық қандас студенттерге короновирустан қорғау вакцинасы егілуін сұраймыз. Олар басқа елдің азаматтары болғандықтан егілушілер тізіміне енбей қала ма деген алаңдаушылығымыз бар. Жалпы, қазіргі кезде аталған қандас бауырларымыздың Қазақстан аумағында міндетті медициналық сақтандыру мәселесі пысықталып жатыр"- деді Қазақстан ұлттық телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасына қатысқан "Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Сарбасов.
Сонымен бірге ол пандемияға қарамастан жыл басынан бері елге көшіп келіп жатқан қандастар саны артқанын, осыған орай сырттан жететін ағайынның індетке қатысты ПЦР анықтамасы және талапқа сай визасы болса, шекарадан өтуіне шектеулер қойылмауын сұрады.
Қазіргі күні Түркіменстаннан тағы да бір топ қандасымыз бір лекпен көшіп келуге дайын екендігін жеткізді. Осыдан бір ай бұрын бұл елден 154 этникалық қазақ көшіп келгені белгілі.
Бағдарламаны толық көру үшін: https://www.youtube.com/watch?v=utgysS0WLx0