2020 жылы әлемнің 27 елінен (АҚШ, Бельгия, Украина, Белоруссия, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан, Дания, Франция, Оңтүстік Африка, Чили, Люксембург Корольдігі, Германия, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Босния Герцеговины, Португалия, Литва, Япония, Испания) отандастардың қатысуымен және 7 200-дан астам адамды қамтыған 16 онлайн іс-шара (соның ішінде «Abaı Úıi» МІҮ 5 өкілдігі) және 6 онлайн-жоба өткізілді.
Іс –шаралар
1.Тұсаукесер «Отандастар» оқу залы
2.Наурыз – 2020
3.Байқау «Ана тілі»
4. 15 сәуір онлайн-концерт «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
5.Домбыра күні
6.Ән-терапия
7. Байқау «Абай әлемі»
8. Концерт «Тұран»
9.ҚІҮ ашылуы – Омск қ., Ресей
10. Концерт «Қазағым-ай»
11. ҚІҮ ашылуы – Ташкент қ., Өзбекстан
12. ҚІҮ ашылуы – Ыстамбул қ., Түркия
13. Байқау «Қазақстан – әлем балаларының көзімен»
14. ҚІҮ ашылуы – Берлин қ., Германия
15. Омбы қаласындағы Қазақ мәдениеті апталығы – «Отандастар» күні
16. ҚІҮ ашылуы – Киев қ., Украина
Онлайн-жобалар
1.Отандастар мектебі «Hazifa_otandastar_mektebi»
2. Гимнастика «Айкуне»
3. «Қазақтың ұлттық тағамдары – Ұлы дала бренді»
4. «Домбыра – ұлттық рухтың аспабы»
5. «ЕЛГЕ СӘЛЕМ!»
6. «ҰЛТТЫҚ САЗ АСПАПТАРЫН ҮЙРЕНУ»
ZOOM бағдарламасы бойынша әлемнің 17 елінен (Франция, Испания, Ресей, Оңтүстік Корея, Дания, АҚШ, Моңғолия, Түркия, Бельгия, Швейцария, Германия, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Беларусь, Швеция) шетелдегі қазақ мәдени орталықтарымен 13 онлайн конференция өткізілді. 150-ден астам адам қамтылды.
Әлемнің 9 елінен (Ресей-6, Қырғызстан, Түркия-3, Еуропа-Швецария-2, Нидерланды-Голландия, Латвия, Аргентина, Германия, Япония) қазақ мәдени орталықтарымен ынтымақтастық туралы 17 меморандумға қол қойылды.
Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мақсатында Қоғам 2020 жылы ҚМО стандартты жиынтығымен жабдықтау бойынша жобаны іске асырды – 5 «Abaı Úıi» МІҮ бойынша серіктестерге тапсырылды.
Білім беру, қазақ тілін оқыту және жастармен жұмыс бағыттар бойынша.
Білім беру бағыты
2020 жылы дайындық бөліміне 1300 квота бөлініп, 825 талапкер грант иегері атанды.
ҰБТ-ға Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Иран, Түркіменстан, Ауғанстан елдерінен 2025 талапкер құжат тапсырды. Оның 1276-сы тестілеуден Қазақстанда, ал 733-і «Отандастар қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) қолдауымен онлайн форматта өтті. Шектік балл жинаған 1134 талапкердің 1041-і қандастарға арналған квота арқылы гранттық конкурсқа қатысып, 909 қандасымыз 4% мемлекеттік квота негізінде грант иеленді. Конкурсқа қатысып грант иеленбей қалған 132 талапкердің мәселесі бойынша ЖОО ректорларына қолдау көрсетілуін сұрап хат жолданды.
Колледжде оқуға 539 талапкер құжат тапсырып, барлығы грант иегері атанды.
Қазақ диаспорасынан Қазақстан ЖОО-ларында оқып жатқан шетелдік студенттермен кездесулер өткізіп, жұмысқа орналасу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша 10 жоғары оқу орындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысқан студенттер саны – 1000-нан аса.
Шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің арасынан шыққан оқушылар арасындағы шығармашылық байқау «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп онлайн-олимпиада түрінде 1-20 маусым аралығында өткізілді. Оған Ресей, Қытай, Иран, Қырғызстан, Монғолия, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия елдерінен 146 оқушы қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақ тілін үйрету бағыты бойынша:
12 елде (Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Беларусь) 31 онлайн-сынып ресми түрде ашылды.
«Отандастар қоры» КЕАҚ «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығымен бірге 2020 жылы онлайн-сыныптар арқылы қазақ тілін үйрету бойынша 333 онлайн сабақ өткізді. Курс ақпан-мамыр және қыркүйек-желтоқсан айларында 2 семестр жүргізілді. Сабақтар аптасына 3 рет, қатысушы елдердің уақыт айырмашылығына байланысты 4 мәрте өтті. Қазақ тілі курсына жалпы 1163 адам қатысты. Сондай-ақ, 63 онлайн-сабақтардың видеосы YouTube платформасына жүктеліп, жалпы қаралым саны – 183 850 (4 429 лайк, 491 пікір) құрады.
Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, әдеби және білім беру кітаптарына деген қажеттіліктерді анықтау үшін 9 мемлекетте (Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Бельгия, Франция, Иран, Ресей, Өзбекстан, АҚШ) өмір сүріп жатқан қандастар сауaлнамаға қатысты. Сауалнама нәтижесінде тілдік жағдай анықталып, қандастардың сұранысына ие кітаптар тізімі жинақталды. Бүгінде «OQ-Kitap» телеграм арнасы ашылып, сұранысқа ие қазақ тілді кітаптардың электронды нұсқалары жүктелінді.
Жастармен жұмыс бағыты бойынша:
Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жүргізу бойынша 2020 жылғы 20-23 қыркүйек күндері Шымкент және Түркістан қаласында «Киелі Қазақстан» жобасы өтті. Іс-шараға Қазақстанда білім алып жатқан 20 студент-қандас (Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан) қатысты.
Қазақстандағы қандас жастар білім алатын 15 ЖОО-ларында ұйымның өкілдіктері сайланды. Иран, Моңғолия, Франциядағы қазақ жастарымен онлайн кездесулер ұйымдастырылып, нәтижесінде Иранда алғаш рет қазақ жастарының ұйымы құрылды.«Жас қазақ» жастар ұйымының әлеуметтік желілердегі оқырмандар саны – 3000.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарихында алғаш рет Өзбекстанның этникалық қазақтарымен Шағын құрылтай онлайн форматта өткізілді. Шараға шамамен 130-дай адам қатысты. Құрылтаайдың міндеті- шетелде тұратын қандастармен байланысты одан әрі нығайту. ДҚҚ Ақмола облысының Аршалы ауданында 196 гектар жер сатып алынды, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігімен тиісті құрылымдармен 1282 коттедж салу жұмыстары келісуде.
Түркістан облысы әкімдігімен Келес ауданында ықшам аудан салуға 300 га жер учаскесін және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер үшін 180 га суармалы жер бөлу мәселесі шешілді. Сондай ақ, бұл жерде қандастарды тұрғын үймен және ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда.
Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыз репатрианттарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде интерактивті негізде ДҚҚ арнаулы мамандығы жоқ қандастарды әр түрлі еңбекке тарту бойынша жобаны іске асыруда. Ресейлік компьютерлік әзірлемелері негізіндегі бұл жоба жұмыссыздар мен уақытша жұмыс іздейтіндердің арасында сұранысқа ие.
Отандастарды ақпараттық қолдау орталығын құру және оның жұмыс істеуі арқылы шетелде тұратын қандастар мен отандастарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету.
Елімізге қоныс аударғаннан этникалық қазақтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға ауыртпалықсыз бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында Қоғам жанынан «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» (ҚАҚО) құрылды.
Нысаналы топқа ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету 10 өңірде (Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары) орналасқан Колл-орталық және оның Фронт-офистері арқылы жүзеге асырылады. Шетелдегі және Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері аясында Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына 2020 жылы барлығы 5065 өтініштер келіп түсті, олардың ішінде:
Барлық келіп түскен өтініштердің негізгілері: ҚР азаматтығын алу (20,36%); тұрақты/уақытша тіркеуге тұру (12,44%); әлеуметтік көмек/төлем (10,86%); ықтиярхат (8,47%); өңірлік квота (7,36%) және басқалар (40,51%).
Бизнес-бастамаларды іске асыруда шетелдік отандастар мен репатрианттарға жәрдем көрсету. Іскерлік қатынастарға жәрдемдесу.
Шетелдегі этникалық қазақтармен және қандастармен іскерлік қатынастарды жолға қою бағыты бизнес-форумдар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды.
Шетелдегі отандастар мен репатрианттарға бизнес-бастамаларды іске асыруда көмек көрсету мақсатында Түркия, Өзбекстан, Ресей, Еуропа, Иран, Қырғызстан және АҚШ-та тұратын этникалық қазақтардың өзекті ұсыныстарын талқылау бойынша онлайн режимінде 7 бейнеконференция («Қандастар форумы») ұйымдастырылды. Шетелдегі отандастармен онлайн-кездесулерге қатысушылардың жалпы саны 331 адамды құрады.
Анықтама ретінде: аталмыш шаралар барысында әлемдік пандемиядан кейін шетелде тұратын отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары анықталып, оларға ҚР-дағы бизнес-климат және шетелден келген кәсіпкерлерге ұсынылатын инвестициялық қолдау түрлері және Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктер ұсынылды. Бұл іс-шаралар репатриация процесін жеделдетуге ықпал ете отырып, қолдаудың жанама шарасы болып табылса да, Қоғам олардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін (орналасқан жеріне қарамастан) мүмкіндіктер ұсынып, ал шетелде тұратын этникалық қазақтарға тарихи Отанымен тығыз байланысты сақтауға жағдай жасады.
Сондай ақ, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында тұратын қандас кәсіпкерлердің қатысуымен 4 онлайн конференция ұйымдастырылды. Аталған онлайн іскерлік кездесулерге жалпы саны 60-қа жуық қандастарымыз қатысты.
«Отандастар қоры» КЕАҚ-тың ресми «oq.gov.kz» сайты жұмыс істейді. Осы орайда Қоғамның жұмысын жұмысын көрсету және қандастарды қолдауға бағытталған ақпаратты жариялау мақсатында сайтқа үш тілде 251 материал жарияланды. Сондай-ақ 35 республикалық БАҚ пен сайттарда 200-ге жуық материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 1072 пост жарияланды.
Қандастарға арналған ақпаратты ілгерілету және ақпараттық саясатты нығайту аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша Қоғам мен «El.kz» сайтының іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес «El.kz» сайтында «Қандастар» бөлімі іске қосылды (https://el.kz/kandastar/).
2020 жылы «El.kz» порталының «Қандастар» бөлімінде Қоғамның қызметі, шетелдегі қазақ диаспоралары туралы (сұхбат жанрларында, мақалаларында) 100-ге жуық ақпараттық және танымдық материалдар жарияланды, олар порталдың басты бетінде қатар көрсетіліп жатыр.
Қандастарды ақпараттық орталығының қызметі туралы 23 инфографика әзірленіп, олар Қоғамның oq.gov.kz порталына және Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.
Қоғамның «Otandastar channel» атты YouTube-арнасына жүктеліп отырды. 2020 жылы арнаға 67 видео жүктелді. Сондай-ақ жалпы саны 36 видео монтаждалып, тікелей эфир өткізілді. Сонымен қатар көптеген онлайн жобалар жобалар ұйымдастырды. Оларды әлеуметтік желіде насихаттау мақсатында арнайы 47 афиша мен постер жасалды.
2020 жылғы Қоғамның жалпы жазылу саны 69892 адам болды. Оның ішінде: Facebook – 5953, Instagram – 60121, Youtube – 3152, Телеграм – 221, ВКонтакте – 245, Twitter – 200 жазылушы).
Тұрақты тұратын мемлекеттердегі отандастардың жағдайы туралы БАҚ материалдарының мониторингі аясында шетелдегі қазақ диаспорасын қазақстандық БАҚ-қа қол жетімділікті зерделеу және қамтамасыз ету жөнінде 11 ұсыныс жасалды.
БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі негізінде диаспоралдық саясат мәселелері бойынша ай сайын 1, жалпы ақпан айынан бері 11 анықтамалық-талдамалық ақпарат берілді.
Қазақ тілді БАҚ бойынша деректер базасын қалыптастыру бойынша қаңтар айынан бері 19 мемлекеттегі қазақ тілді 90 БАҚ пен қандастар пайдаланатын әлеуметтік желі парақшалары анықталды.
Шетелдегі қазақтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттырып, диалог алаңын құруға, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуға арналған «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының онлайн таныстырылымы өтті. Сондай-ақ «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Тúrkistan халықаралық газетінде «Атажұрт» айдары ашылды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» ұсынысымен тұңғыш рет шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа ұлттық «Үркер-2020» сыйлығының KazInform Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына арналған арнайы жүлдесі берілді.
2020 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытындылары бойынша «Шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер» жобасын орындау шеңберінде 3 іс-шара бойынша қорытынды шығармашылық есеп әзірленді:
Іс-шара I. Шетелдегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен репатриацияның нормативтік-құқықтық қалпының мәселелері бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер жүргізу.
Зерттелген елдер: Әзірбайжан, Армения, Израиль, Қытай, Моңғолия, Польша, Ресей, Өзбекстан.
Іс-шара II. Отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу. 13 ел зерттелді.
Зерттелген елдер: Армения, Грузия, Әзірбайжан, Италия, Румыния, Мексика, Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Қытай, Үндістан, Украина.
Іс-шара III. «Отандастар қоры» КЕАҚ Қоғамдық комиссияның отырыстарын өткізу.
Шетелдегі қазақтарды қолдау және репатриациялау саласындағы өзекті проблемалар бойынша мәселелерді талқылау шеңберінде 2020 жылы «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның 2 отырысы өткізілді, атап айтқанда:
Комиссияның бірінші отырысы 2020 жылғы 12 наурызда өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртібінде репатриацияны ынталандыру мәселелері, шетелдегі қазақтарды оқулықтармен, көркем және өзге де әдебиеттермен қамтамасыз етудің кемшіліктері, сондай-ақ Ақмола облысының Нұрлы Көш (Красный Яр) және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс кенттерінде репатрианттар үшін салынған үйлердің жай-күйі талқыланды.
Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді.
Комиссияның екінші отырысы 2020 жылғы 27 қазанда өткізілді.
Отырыс барысында Ақмола облысының «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылында қандастар үшін салынған үйлерді жекешелендіру, өңірлерде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды бос жер учаскелерінің болуы мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар аясында қандастарымызды солтүстік өңірлерге көшіруге қатысты мемлекеттік саясатты жандандыру мәселелері талқыланды.
Комиссияның шет елдердегі қазақтарды қолдау және репатриациялау саласындағы өзекті проблемалар жөніндегі екі отырысының күн тәртібін дайындау, жұмысты ұйымдастыру және мәселелерін талқылау қорытындылары бойынша шет елдерде тұратын және өз еркімен қоныс аударғысы келетін қазақтарды қолдау жөніндегі кешенді шараларға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылау бойынша 1 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Анықтама үшін:
2020 жылы Қоғамдық комиссияның 2 отырысы өткізілді:
Отырысты өткізу аясында БАҚ-та 10 ақпараттық материал ұйымдастырылды (1-уі республикалық басылымда, 1-уі телеарналардың жаңалық бөлімінде, 2-уі ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердің жаңалық бөлімдерінде).
127 нормативтік құқықтық актілер мен өзге де бағдарламалар зерделенді.
Әзірленді және пысықталды:
2 – заң жобасы тұжырымдамасының жобасы;
3 – заң жобасының жобасы;
1 – солтүстік өңірлердегі этникалық оралмандарға қатысты ұзақ мерзімді тұрақты көші-қонның мемлекеттік саясатын жандандыру тұжырымдамасы.
2020 жылы АҚДМ-ға 29 аналитикалық анықтамалар мен жазбалар әзірленді.
Жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 36 мақала дайындалып, жарияланды.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 2020 жылы 162 ұсыным дайындалды (оның ішінде I іс – шара бойынша – 117, II іс-шара бойынша – 45).