Қандастар мәселесі талқыланды

24 Ақпан, 2021

Бүгін «Отандастар Қоры» КеАҚ пен «Мінбер» ақпарат агенттігі бірлесіп, қандастардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған онлайн конференция өткізді.

Іс-шараға «Отандастар Қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Ішкі істер министрлігі, Азаматтық және көші-қон басқармасының басшысы Ғани Шымырбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон процестерінің мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Эносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл жасау басқармасының басшысы Мақсат Мажитов, Мінбер.кз сайтының редакторы Есенгүл Кәпқызы қатысты.

Жиынға жазушы, қоғам қайраткері Сұлтанәлі Балғабай, қандастар тарапынан Зохра Абдурасол, Ботагөз Уатқан, Бадигүл Оспанбаева қатысып сұрақтарын қойып, өз өтініш-тілектерін жеткізді. Түйткілді мәселелер ортаға салынып, құзырлы мекеме басшылары қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Отандастар қоры» КеАҚ атқарып жатқан жұмысы жөнінде «Қандастарды қолдау» департаментінің басқарушы директоры Гүлмира Нұрбаева мен Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының фронт-кеңсе үйлестірушіс Марат Тоқсамбаев айтып берді.

Қандастар мәселесі талқыланды