Бүгін еліміз үшін табысты да қуанышты күн болды. Мұхиттың ар жағынан тағы бір сүйінші хабар жетті. Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы отандасымыз боксшы Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтіп, жоспарланған 6 раундқа созылды. Былғары қолғап шеберіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл Димаш бауырымыз үшін 14-ші жеңісі. Бұған дейін біраз жарақат алып, денсаулығын түзеген боксшымыз әлі талай биіктерді бағындырады деп сенеміз. Біз әрқашан қолдауға дайынбыз! Тек қана алға!