Қандасымыз Қанат Исламды жеңісімен құттықтаймыз!

21 Ақпан, 2021

Бүгін АҚШ-тан жеткен жағымды жаңалық Қазақстан халқын қуанышқа бөледі. Майами қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Минданы айқын басымдылықпен ұтты. Қаншама байрақты бәсекеде ұлт намысын бәрінен биік қоя білген батырымыздың жеңісіне шын қуандық. Спорт саласындағы жеңісті жолыңыз бен ұлт жандылығыңыз кейінгі жас буынға үлгі болары сөзсіз.  Әр жеткен жетістігіңіз қазақ халқына күш-қуат береді. «Отандастар Қоры» КеАҚ және жеке өз атымнан Сізді 28 мәрте жеткен жеңісіңізбен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық тілеймін!

«Отандастар Қоры» КеАҚ вице-президенті М. Сарбасов

Қандасымыз Қанат Исламды жеңісімен құттықтаймыз!