ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «ЭҚДК мен ЖАО-ның өзара іс-қимылы мәселелері және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдаудың 2021 жылға арналған жоспарлары» тақырыбындағы кезекті онлайн семинарда, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов Қостанай облысындағы қандастар арасында қордаланған мәселелерді көтерді.
Мәселен, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын арттырумен қатар, жергілікті атқарушы органдардың келген қандастарға тиісті деңгейде қолдау көрсетуін және облыста қазақ тілін меңгерген мамандар санын арттыру бойынша ұсыныс берді.