Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты мекемелер мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары арасында кездесу өтті.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов пен қызметкерлері және т.б. қатысты.
Мағауия Қанапияұлы депутаттарға Қоғамның мақсат-міндеттерін таныстырып, 2020 жылы жүргізген жұмыстары мен 2021 жылға арналған жоспарларын көрсетті.
Кездесу барысында вице-министр М.Әзілханов депутаттарға этносаралық саладағы жұмыс барысын түсіндірді, этносаралық қатынастарды қозғайтын депутаттық сауалдарды қалыптастыру кезінде бірлескен тетіктерді әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін ескере отырып, заң жобаларын қарау бойынша пікір білдірді. Сонымен қатар, депутаттарға талдау және әлеуметтік жұмыс нәтижелерін тұрақты негізде ұсыну, ҚХА іс-шараларына, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, сондай-ақ ел өңірлеріне бірлескен сапарлар мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар берді. Осыған қоса ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко шетелдегі қазақтармен қарым-қатынас жасау барысында мемлекетаралық денгейдегі парламенттік ассамблея тетігі арқылы қолдау көрсетуге болатынын атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елдегі этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту және сақтау мақсатында Министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
Кездесудің барлық қатысушылары тоқсан сайынғы негізде бірлескен жұмыс кездесулерін өткізуге шешім қабылдады.