БҚО-дағы қандастардың мәселесіне қатысты семинар өтті

10 Ақпан, 2021

2021 жылғы 10 ақпанда «Отандастар қоры» КеАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «ЭҚДК мен ЖАО-ның өзара іс-қимылы мәселелері және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдаудың 2021 жылға арналған жоспарлары» тақырыбындағы кезекті семинарға қатысты.

Семинар барысында «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.  

Онлайн режимінде өткізілген іс-шараға Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен БҚО-дағы жергілікті атқарушы органдар және Көші-қон полициясының өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Отандастар қоры» тарапынан БҚО-дағы жергілікті атқарушы органдарға өңірде қандастарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарын ашу және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын БҚО-да енгізу сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

БҚО-дағы қандастардың мәселесіне қатысты семинар өтті