ЕЛ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ҚАНДАСТАР: Бәдигүл Қажыбекқызы

09 Ақпан, 2021

Тәуелсіздік жылдарынан бері бір миллионнан астам қандасымыз атажұртқа  келді. «Елге ел қосылса құт» дегендей ырысымыз артып, өрісіміз кеңіді. Алыстан келген ағайын ел мерейін өсіруге елеулі үлес қоса бастады. Сондай қандастарымыздың бірі заңгер, «SEMSER» ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау орталығын ашып, 18 адамды жұмыспен қамтып отырған Бәдигүл Қажыбекқызы. Қазіргі уақытта орталық қазақтың ою-өрнектерін (қолдан ойылған көрпе-жастық, үй ішіне қажетті бұйымдар), ағаштан ойылып жасалған үй жабдықтары (ыдыс-аяқ, төсек, үстел, орындық, тұрмысқа қажетті басқада бұйымдар), киіз үй (туырлық үшін табиғи жүннен киіз басып, ою-өрнекпен әрлеу), мал терілерін илеу қатарлы төрт бағыт бойынша жұмыс істейді.

«Болашақта жұмыс көлемін арттырғым келеді. Осы мақсатта шетелден келген қандастар арасында қолы өнерлі азаматтар істеген ұлттық бұйымдарды нарыққа шығарып та үлгердік. Ел аумағындағы облыс орталықтары, аудан, ауылдарда тұратын жұмыссыз, көп балалы ана, қамқоршысы жоқ балалар және басқа түрлі санаттағы азаматтарға арнап жыл соңына дейін жүздеген жұмыс орнын ашу ойым бар. Азаматтарымыз мемлекеттің берген жәрдемақысына қарамай-ақ, өз еңбектерімен қаржы таба алатын болады», - дейді Бәдигүл Қажыбекқызы.

ЕЛ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ҚАНДАСТАР: Бәдигүл Қажыбекқызы