Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің қызметкерлері және «Crimson Field» ЖШС директоры Талғат Ахметжанов Лондон қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан Кинслин қалашығында болды. Сапар мақсаты – Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы қожалықтарымен танысып, батыстық үлгімен қоян қолтық жұмыс істеу. Жидек көшеттерін өсіретін WalPole компаниясы осы бағытта жетекші қожалықтардың бірі. Бұл компаниямен бұған дейін де байланыс болған. Отандық «Crimson Field» компаниясы аталған қожалықтан британдық жидек көшеттерін алған. Бүгінде оларды Алматы облысында жиырмаға жуық қандасымыз баптап, өсіріп отыр.
Алдағы уақытта Қор отандық «Crimson Field» және ағылшындық WalPole компаниясымен біріге отырып, «Тұрақты ауыл» бағдарламасының бір бөлігі ретінде жидек өсіруді жоспарлауда. WalPole басшылығы биыл қарашада Алматы қаласына ресми іс-сапармен келеді. Екіжақты келісулер әлі жалғасын табады.