Атырау облысындағы қандастар мәселесі талқыланды

08 Ақпан, 2021

2021 жылғы 8 ақпанда «Отандастар қоры» КеАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «ЭҚДК мен ЖАО-ның өзара іс-қимылы мәселелері және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдаудың 2021 жылға арналған жоспарлары» тақырыбындағы кезекті семинарға қатысты.

Семинар барысында «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.  

Онлайн режимінде өткізілген іс-шараға Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдар және Көші-қон полициясының өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Отандастар қоры» тарапынан Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдарға өңірде қандастарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарын ашу және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын Атырау облысында енгізу сынды өзекті мәселелер көтерілді.

Атырау облысындағы қандастар мәселесі талқыланды