2021 жылғы 5 ақпан күні сағат 16:00-де «Отандастар қоры» КеАҚ, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен Үзбен Құрманбайұлының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі және пайдасы» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Іс-шараға профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, жазушы, ақын, ҚР Көші-қон туралы Заңының авторы Әкім Ысқақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұналбаева, «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ орталық аппаратының қеңесшісі Қарлығаш Қожамұрат, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысады.
Өтетін уақыты: 05 ақпан, 2021 жыл, сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен).
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.
Ақпарат үшін:
Үзбен Құрманбайұлы – Баян-Өлгей аймағында туып-өскен, Моңғолия Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Баян-Өлгей мен Алтай ауданының «Құрметті азаматы». Қазіргі уақытта ҚР Ардагерлер Орталық кеңес мүшесі. «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігін кұрып, бұл іске мыңдаған адамды жұмылдырып жүр. Осы уақытқа дейін «Оралған бақыт, орындалған арман», «Боздағым», «Мәңгілік Ел», «Тәуелсіздік тағдыры» және т.б. кітаптары мен көптеген өлең, жыр, толғаулары жарыққа шыққан.
«Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі
Мекен-жай: Нұр-Сұлтан, Қонаев 12/1.
Байланыс: +7-775-375-85-92 (Аян), +7-7014703033 (Мұхтар).