«Отандастар қоры» КеАҚ 2021 жылғы 3 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «ЭҚДК мен ЖАО-ның өзара іс-қимылы мәселелері және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдаудың 2021 жылға арналған жоспарлары» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар барысында «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Онлайн режимде өткізілген іс-шараға Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Ақмола облысындағы жергілікті атқарушы органдар және Көші-қон полициясының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қоғам тарапынан Ақмола облысындағы жергілікті атқарушы органдарға өңірдегі қордаланған мәселелерді шешу тетіктерін ұсынды.
Атап айтқанда, Ақмола облысындағы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылының мәселесін шешу, өңірде қандастарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарын ашуды жеделдету және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын арттыру сынды өзекті мәселелер көтерілді.