Қазақстанда туып-өскен Әсел К. Робертс 2021 жылғы 20 қаңтар күні АҚШ Протокол басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Протокол басшысының канцеляриясында 15 жыл бойы қызмет еткен Робертс ханым бұған дейін аға кеңесші лауазымында болған.
Әсел К. Робертс Джорджтаун Университетінің Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебінің халықаралық құқық пен ұйымдар саласындағы бакалавр дәрежесіне ие. Ол қазақ, орыс, және жапон тілдерінде сөйлейді.
АҚШ Протокол басшысының кеңсесі әлем елдері басшыларын қарсы алып, дипломатиялық қарым-қатынастардың алғы шебінде жұмыс істейді. Кеңсе өз жұмысы арқылы елдер мен мәдениеттер арасындағы байланыстың күшеюіне бірден-бір үлесін қосатын бөлім.