Иран, Ауғанстан, Түркиядан келген кейбір қандастарымыздың құжаттарын рәсімдеу барысыснда әсіресе азаматтыққа құжат қабылдайтын тиісті мекемелер тарапынан көп кедергілер кездеседі.
«Отандастар қоры» осы мәселелерді шешу жолдарын Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясының және арнайы тиісті министрліктерге бірнеше мәрте хаттар мен ұсыныстар жолдаған еді. Бірақ өкінішке қарай бұл мәселер әлі де шешімін таппай келеді.
Енді осы түйткілдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жан-жақты көтеруді қолға алып отырмыз. Біздің ұсынысымызды қабыл алып, осындай материал дайындаған «Хабар» арнасының тілшілеріне алғыс білдіреміз.
Басқа да БАҚ өкілдері осы және басқа мәселелерді қозғауға қызығушылық танытса, бізге хабарласуына болады. Тел: 87014703033
Сюжет: https://www.youtube.com/watch?v=YXlv4SDPlQc&feature=youtu.be