«Отандастар қорының» негізгі бағыттарының бірі – қазақ тілін насихаттау, дамыту, үйрету. Осы бағытта атқарылған жұмыстар аз емес.
Мәселен 2020 жылы тұрақты түрде қазақ тілін үйрететін онлайн сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, тілді үйренудегі эффективтілікті арттыру мақсатында 12 елде 31 онлайн-сынып ашылған еді.
Аталмыш сыныптарға «Отандастар қоры» тарапынан арнайы мультимедиялық құрылғылар жіберілді. Осы орайда әр елдегі онлайн-сыныптардың жұмысымен жақынырақ танысу мақсатында «Шетелдерде ашылған онлайн-сыныптарға шолу» атты ақпараттық айдарды бастаймыз.
Сіздер бұл айдар арқылы онлайн-сыныптың мекен-жайын, байланыс нөмірлері мен сыныпқа жауапты қазақ орталықтарының жұмысымен таныса аласыздар.