2021 жылғы 19 қаңтарда «Отандастар қоры» КеАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбайдың Ұлы дала тарихына арналған «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» («16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы») атты кітабының халықаралық тұсаукесері (offline / onlain) өтеді.
Гүлнәр Кендірбай - Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Колумбия университетінің Гарриман институтының профессоры.
Оның ғылыми ізденістері: мәдени антропология, көшпенділік, ислам мәселелері, Ресейдің, бұрынғы Кеңес Одағының және Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихы.
1979 жылы Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген.
Оқуды тәмамдаған соң тарихшы Венгрия мен Германияда білімін одан әрі жетілдірген. Кейін осы қос университеттің фольклор факультетінде философия докторы атағы бойынша екі диссертация қорғады: Этвеш-Лоранда (1987 ж., Будапешт, Венгрия) және Тюбинген университетінің Шығыс Еуропа институтында (2003 ж., Германия).
Бірінші докторлық диссертациясының атауы - «Отарлық алшақтықты жою: қазақстандық интеллигенция және империялық мемлекет», екінші докторлық диссертациясының атауы - «Фольклоризмнің теориялық мәселелері және Орталық Еуропа мен Қазақстан елдері».
Тұсаукесер уақыты: Сағат 15.00-16.00 аралығында (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен), «ZOOM» платформасында.
Байланыс үшін: «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің ұжымы, жобаның үйлестірушісі Ана Шакерхан: +7 (7172) 235920 ; +7-775-1741572.