2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Киев қаласында (Украина) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты түрде ашты.
Іс-шараға ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Калетаев, , «Отандастар қоры» КеАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Украинадағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара аясында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Украинадағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» КеАҚ «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлері бұған дейін Омбы (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Стамбул (Түркия) және Германия (Берлин) қалаларында ашылды.