2021 жылы қандастар ҰБТ-ны қалай тапсырады?

25 Қараша, 2020

Әлемді жайлаған індет барлығымызға оңай тимеді, алайда атажұрт Қазақстанда білім алғысы келіп, ҰБТ тапсырып, оқуға түскісі келген қандас жастар үшін барлық жағдай жасалды деп нық сеніммен айта аламыз!

Мәселен шекараның жабылуына қарамастан, осы жазда ҚР Сыртқы істер, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелдегі қара көз қандастарымызға Қазақстанға кіру мүмкіндігі ұйымдастырылып, басқа мемлекеттен шыға алмаған балаларға ҰБТ алғаш рет онлайн форматта өткізілді.

Ендігі сұрақ: «Келесі жылы жағдай қандай болмақ?». Осы орайда «Отандастар қорының» бастамасымен, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының қолдауымен Қазақстанға келіп, білім алғысы келетін қандастарымызға және Қазақстан ЖОО-ларының Дайындық бөлімінде білім алып жатқан тыңдаушыларға «2021 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеудің ерекшеліктері мен өзгерістері» тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Сұмағұловпен тікелей эфирде сұхбат ұйымдастырылған еді.

Сонымен 2021 жылы қандастар ҰБТ-ны қалай тапсырады, жалпы ҰБТ-да қандай өзгерістер пайда болды және 2021 жылғы жоспарлар қандай деген сұрақтардың жауабын осы тікелей эфирден табуға болады. Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8mSs2qxohnc&t=5948s

2021 жылы қандастар ҰБТ-ны қалай тапсырады?