Ресейдің Самара қаласында қазақ тілін үйрететін екі бірдей онлайн-сынып салтанатты түрде ашылды.
Сыныптың ашылуына онлайн режимде “Отандастар қоры” КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат пен жоба менеджері Алжан Шарипов, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев, “Ақ жол” Самара аймақтық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы” қоғамдық ұйымының призенденті Есмұханбет Нұржанов, басқарма мүшесі Ерболат Сағындықов және “Ақ жол” ұйымының белсенділері қатысты.
Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.