Қандас студенттер медициналық маскалармен қамтамасыз етілді

11 Қараша, 2020

“Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” РҚБ, “Отандастар қоры” КеАҚ Еуразия ұлттық университетінде білім алып жатқан қандас студенттерді медициналық маскалармен қамтамасыз етті.

Бүгінде Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйінде біршама қандас студенттер жайғасқан. Қоғам қызметкерлері жастармен кездесіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді.
Сонымен қатар  медециналық маска таратып берді. Қоғам үшін балалардың денсаулығы басты назарда екенін айтып, оларды санитарлық эпидемиялық талаптар мен жатақхана ережелерін шақырды.

Алдағы уақытта қандастарды қолдау шаралары одан әрі жалғасын табады.

Қандас студенттер медициналық маскалармен қамтамасыз етілді