Қырғызстанда тұратын қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» өтті

06 Қараша, 2020

2020 жылғы 5 қарашада Қырғызстанда тұратын қазақтардың қатысуымен кезекті «Қандастар форумы» онлайн-кездесуі өтті.

Іс-шара бағдарламасы бойынша спикерлер ретінде «Отандастар қоры» КЕАҚ Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының координаторы Болат Заутұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Қарлығаш Хожамұрат, ҚР Сыртқы істер министрлігінен, Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай және ҚР Қырғызстандағы елшілігінен кеңесші Жәнібек Жұмбергенов қатысты.

Онлайн-кездесу барысында қандастарымыз Қырғызстандағы қазақтардың әлемдік пандемиядан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының тұрақты екендігін баяндады. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі ел арасындағы шекараның ашылып, байланыстардың тезірек қайта қалпына келуіне тілек білдірді.

Қырғызстан қазақтарымен өткен онлайн-кездесуге қатысқандардың жалпы саны 45 адамды құрады.

Қырғызстанда тұратын қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» өтті