Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқитын қандас талапкерлермен онлайн кездесу өткізілді

04 Қараша, 2020

«Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Шетелдік және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қызметтері» жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде шетелден келіп оқып жатқан ұлты қазақ талапкерлермен кездесу өткізілді.

Онлайн форматта өткен жиынға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төраға орынбасарының кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызы, «Отандастар қоры» тарапынан Жобалар координаторы Дидар Болат, Білім және қазақ тілі бағытының маманы Нұрымжан Қасымұлы, менеджер Алжан  Шарипов және дайындық бөлімі, бакалавриат, магистратура, докторантурада оқитын қандас жастар қатысты.

Іс-шара барысында ЖОО-дағы «Жас қазақ» ұйымының жұмысын жандандыру, төтенше жағдай режиміндегі студенттердің жағдайы, жұмысқа орналасу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқитын қандас талапкерлермен онлайн кездесу өткізілді