Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, журналистика мәртебесін арттыруға, оны насихаттап ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге бағытталған.
Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету, сондай-ақ шетелдегі қазақтілді БАҚ-ты қолдау.
Биыл болған әлемдік өзгерістерге байланысты «Үркер» Ұлттық сыйлығы күз маусымында өткізіледі. Өтінімдер 2020 жылдың 5 қарашасына дейін қабылданады.
Биыл шетелдегі қазақтілді БАҚ үшін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына» арналған арнайы номинация қарастырылған.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өз материалдарын mukhtar0810@gmail.com поштасына жіберуі қажет!
Баршаңызға сәттілік ағайын!
Толығырақ: https://www.inform.kz/kz/urker-2020-ulttyk-syylygyna-otinim-kabyldau-bastaldy_a3701546