Бүгін Моңғолияның Қобда қаласындағы Жастар және оқушылар сарайында qazaq klаssy сыныбының ашылу салтанаты болды.
Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолияның Қобда аймағындағы өкіл Зиба Яасайқызы таныстырды.
Қобда қаласындағы Қазақ ұлттық Али ЖШС - ның төрағасы Мұрат Долдайұлы жиналғандарға Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайнда Елбасы тапсырмасымен құрылған "Отандастар қоры" туралы айтып берді.
Қазақ тілін үйренуге байланысты Қоғам тарапынан ҚР Моңғолиядағы елшілігі арқылы берілген телевизор, ноутбук, қастерлі қалам сияқты оқытуға арналған жабдық құралдарды таныстырып, Otandastar channel каналынан қазақ тілі үйрену әдістемелерін түсіндірді.
Балалардың смартфондарына қазақ тілін үйренуге қажетті оқу программаларының сілтемелерін қосып беруге көмектесті.
Атап айтсақ, бала бақша, мектепке дейінгі балалардың үйде қазақ тілін үйрену қажеттігін тілге тиек етті. Осы сарайда аптасына екі рет Qazaq klassy сыныбын тұрақты жұмыс істейтінін атап өтті.