«Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин Түркияның TRT телеарнасының Нұр-Сұлтандағы филиал басшысы Mehmed Zahid ÇALIŞKAN мырзамен кездесті. Кездесу барысында шетелдегі қандастарымызды ақпараттық қолдауға арналған екі жақты бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айта кетейік Түркияның TRT телеарнасы түркі елдерінің ішіндегі ең әлемге танымал ақпарат құралы. Бұл арна түркі халықтарының мәдениетін, тарихын, өнерін, салт-дәстүрін насихаттауға да зор үлес қосып келеді. Қазақ елі мен ұлтымыз туралы танымдық деректі фильмдер мен ән-күйлерімізге эфирдің төрін ұсынды. Сондай-ақ Анкарада қазақша радио торабы ашылған.