Орскте (Ресей) онлайн қазақ сыныбы ашылды

28 Қазан, 2020

Онлайн сыныптың ресми ашылуы онлайн форматта өтті. Оған “Әлем” Орск қаласының жергілікті ұлттық-мәдени автономися” қоғамдық ұйымының төраға орынбасары Бисенов Даурен, “Шашу” ұлттық қазақ анссамблінің шығармашылық төрағасы Зыряева Алла, “Отандастар қоры” КеАҚ жобалар координаторы Қалыбек Қобландин және консультант Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.

Кездесуде онлайн қазақ сыныбының жұмыс механизмі түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы және Абай институты порталы туралы хабарлама берілді.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Орскте (Ресей) онлайн қазақ сыныбы ашылды