Ирандағы қазақтармен «Қандастар форумы» онлайн-кездесу өтеді

22 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын қазақтармен байланысты одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылы 23-қазан сағат 18:00-де Иранда тұратын қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн-кездесу ұйымдастырады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

  • Әлемдік пандемия кезіндегі Иранда тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;
  • Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ирандағы қандастармен бірлесе атқарған жобалары;
  • ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары.

Іс-шара Zoom платфомасында өтеді.

Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.

Ирандағы қазақтармен «Қандастар форумы» онлайн-кездесу өтеді