«Отандастар» қорының бірыңғай байланыс орталығы: бес айдағы белес

04 Қыркүйек, 2019

«Отандастар» қоры «Ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу орталығы» жобасының «Отандастардың мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы» ағымдағы жылдың 21 сәуірінде іске қосылып, 13 мамырдан мемлекеттік қызметкерлер тарапынан отандастарға байланысты заңға қайшы жасалған әрекеттер жөніндегі шағымдарды қабылдауды бастады. Бүгінге дейін орталыққа отандастардан ҚР азаматтығын алу, оралмандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, оралмандардың құқығы мен міндеттері, ҚР тұруға ықтиярхат, оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша ел ішінен1320-ға жуық, шет елдерден (Ауғанстан, Қытай, Ресей) 14 ауызша өтініш түсті. 

Жұмыстан тыс уақытта 423, ал WhatsApp, Telegram, Skype арқылы 120-ға жуық хабарлама түсті. Мессенджерлермен жеткен хабарламалардың біршамасын шетелдегі отандастар жіберген.

Соңғы бір апта ішінде орталыққа азаматтық алу, тұруға ықтиярхат және тұрақты тұруды рәсімдеу, өңірлік квотаға қабылдану және басқа мәселелер бойынша 43 оралман жүгінді.  

Аталған жобаның екінші бөлігі-«Отандастарды қолдау орталығы» бойынша 5 ай ішінде жеке қабылдау бойынша Қор оралмандардан негізінен азаматтық, тұрақты мекенжай, неке куәлігі, туу туралы куәлік, оралман мәртебесін алу, баспана, жер, виза, зейнетақы мәселесі тәрізді 133 жүгініс қабылданды

Отандастарды қолдау орталығына соңғы аптада оралмандардан мектепке қабылдау, жатақхана алу, тұруға ықтиярхат алу тәрізді 3 жүгініс түсті.

Шағымдар бірден мәселеге тікелей қатысы бар мекеме басшылығына, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне жолданды және өз кезегінде заң аясында шешімін тапты.


«Отандастар» қорының бірыңғай байланыс орталығы: бес айдағы белес