Еуропадағы қандастармен онлайн «Қандастар форумы» өтеді

15 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын қазақтармен байланысты одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылы 16-қазан сағат 15:00-де Еуропадағы қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн-кездесу ұйымдастырады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
• Әлемдік пандемия кезіндегі Еуропада тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;
• «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Еуропадағы қандастармен бірлесе атқарған жобалары;
• ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары.

Іс-шара Zoom платфомасында өтеді.

Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.

Еуропадағы қандастармен онлайн «Қандастар форумы» өтеді