Бельгияда онлайн қазақ сыныбы ашылды

09 Қазан, 2020

Бельгиядағы «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен Антверпен қаласында  онлайн қазақ сыныбын ашқанын қуанышпен хабарлаймыз.

Әлемдік пандемияға байланысты Сіз үйде отырып та қазақ тілін онлайн форматта үйрене аласыз. Ол үшін Телеграмдағы «OQ-BILIM» каналына жазылып, әр тікелей эфир сайын салынатын сілтеме арқылы қосылсаңыз жеткілікті.

Бүгінде онлайн «Қазақ тілі» курсының ІІ семестрі өтуде. Көрсетілген кесте бойынша қазақ тілін онлайн үйрене аласыздар.

Сондай-ақ, Youtube платформасындағы «Otandastar Channel» каналында қазақ тілінің І семестрде өткізілген сабақтарын көре аласыз.

Бұл туралы "TÚRKISTAN" ақпараттық порталында да жарияланды. 

Бельгияда онлайн қазақ сыныбы ашылды