Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен “Отандастар қоры” КеАҚ ұйымдастыруымен Ресейдің Новосібір қаласында онлайн қазақ сыныбы өз жұмысын бастады.
10 қазан күні “Отандастар қоры” КеАҚ жобалар координаторы Дидар Болат, “Отан” қазақ мәдени орталығының төрайымы Орынкүл Настушева, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарипов, қазақ тілі пән мұғалімі Злиха Байбосынованың қатысуымен онлайн ресми ашылуы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте қазақ тілін оқытудың ІІ семестрі басталды. https://t.me/otandastar_qory осы сілтеме арқылы өтіп, біздің онлайн сабақтарға қатыса аласыздар.
Бұл туралы "TÚRKISTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.