Өзбекстандағы қандастармен «Қандастар форумы» видеоконференциясы өтті

06 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» Өзбекстанда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» онлайн видеоконференциясын ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі, Консулдық қызмет департаменті, Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жоба басшысы Диляра Тектіқұлқызы, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Клара Садирбаева қатысты.

«Отандастар қорының» Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Анас Ахатұлы атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Қатысушыларға «Абай» мәдени-іскерлік үйі жобасының таныстырылымы да өтті.

Жиын барысында Мұхтар Кәрібай Өзбекстан Республикасында консулдық қызмет мисссиясын және диаспораны қолдау саясаты бойынша мәлімет айтса, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жоба басшысы Диляра Тектіқұлқызы «Кazakh Invest:The land of great opportunities» тақырыбына тоқталып, инвестиция түрлері мен оны қолдау шарттарымен таныстырды.

Онлайн конференцияға қатысушылар тарапынан қоныс аудару, ыхтияр хат пен азаматтық алу, бизнесті бастау бағдарламалары, жер телімін алу бойынша сұрақтар қойылып, кәсіби мамандардан жауап алынып, кеңес берілді.

Өзбекстандағы қандастармен «Қандастар форумы» видеоконференциясы өтті