«Отандастар қоры» дүниежүзінің әр еліне тарыдай шашырап, кейін атажұртты аңсап Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз туралы арнайы «Таныс болыңыз» жобасын бастаған еді. Сол жобаның жалғасы ретінде таныс болыңыздар – журналист Айдос Жұқанұлы.
Айдос Жұқанұлы 1977 жылы 10 қазанда Моңғоляның Баян Өлгей аймағында дүниеге келген. 1992 жылы Атамекенге көшіп келді. Тұрақтаған жері – Шығыс Қазақстан облысы. Отбасылы, 4 баласы бар.
Қазақстан Ұлттық университетінің журналист мамандығын тәмамдаған.
«Қазақстан» ҰТА (Өскемен, Алматы қалалары), «Хабар» агенттігі (Алматы қ.), «Көркем фильм» кинокомпанияларында жұмыс атқарған.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының «QAZAQSTAN» РТРК Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс бөлімінің басшысы.
Режиссерлік, сценарий жазу, дубляж жасау, редакторлық, актерлік еңбек өтілі: «ДОСТАР» жастарға арналған телехикая, «СЫРҒАЛЫМ» 80 бөлімнен тұратын мелодрамалық телехикая, «ҚЫЗДАР» жастарға арналған телехикая, «ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА», «АСЛАННЫҢ САБАҚТАРЫ» және т.б. фильмдер.