«Отандастар қорының» жанында Қандастарға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейтіні көпшілікке мәлім. Бүгінде Қазақстанның 10 облысында осы орталықтың өкілдері бар.
Осыған дейін қандастарға сапалы қызмет көрсетіп, мәселелерін нақты шешу үшін жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандарымызбен таныстыру мақсатында жаңа айдар арнаған едік. Сонымен таныс болыңыздар – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының сарапшысы Арман Сүйіндіков.
Арман Сүйіндіков – атамекенді аңсап, үкілі үмітін арқалай келген қандастарымыздың бірі. 1981 жылы 8 шілдеде Ресей мемлекеті Түмен облысында туып өсті. Отбасылық жағдайы - үйленген, екі баласы бар. 2005 жылы Омбы мемлекеттік университеті Тарих факультетіннің Этнограф мамандығын бітірді.
2006 ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің «Арнайы жобалар» бөлімінің жетекші маманы.
2008 ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің сарапшысы.
2009 ж. – «АрСауда» ЖШС бас директоры.
2013 ж. – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық жоспарлау бөлімінің бастығы.
2014 ж. – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық Келісім» КММ сарапшы-талдаушысы.
2015 ж. - қазіргі уақытқа дейін – «АрСауда» ЖШС бас директоры.
2017 ж. - қазіргі уақытқа дейін – «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Солтүстік Қазақстан филиалының жетекшісі.
2020 жылдың ақпанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Отандастар қорының фронт кеңсесінің бас сарапшысы.
2000 жылдан бастап Ресейдегі қазақтардың мәселелерімен айналысады. Ресей Федерациясының әр түрлі аймақтарында 10-нан астам этнографиялық экспедицияларға қатысты.
Дипломдық жұмыс «Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі қазақтардың материалдық мәдениетін» терең зерттеуге бағытталған.
Қазіргі уақытта өзінің ғылыми қызметін «Ресей Федерациясындағы қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының қалыптасу тарихы» тақырыбында жалғастыруда.
Ғылыми журналдар мен әртүрлі басылымдарда 10-нан астам ғылыми зерттеу мақалалар жарық көрген.