Түркиядағы қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» іс-шарасы өтеді

14 Қыркүйек, 2020

Құрметті отандастар, қадірлі қандастар!

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын этникалық қазақтармен байланысты одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылы 16-шы қыркүйек сағат 15:00-де (Стамбул уақытымен сағат 12:00) Түркиядағы қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн видеоконференция ұйымдастырады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
• Әлемдік пандемия кезіндегі Түркияда тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;
• Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы қандастармен бірлесе атқарған жобалары;
• ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары.

Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Сондай-ақ, «Отандастар қорының» Facebook парақшасында тікелей көрсетіледі.

Іс-шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.

Түркиядағы қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» іс-шарасы өтеді