Қандастарды дайындық бөліміне қабылдау ережелері түсіндірілді

11 Тамыз, 2020

Бүкіл әлемдегі карантиндік режимге қарамастан Қазақстан шетелдегі өз қандастарын оқуға (дайындық бөліміне) қабылдауды жалғастыруда.

"Отандастар қорының" Байланыс  орталығының  операторларына білім саласы бойынша барлық ережелер мен тәртіптері бойынша ақпарат берілді.


 
Жалпы білім бағыты бойынша қазіргі уақытта жүріп жатқан дайындық бөлімдеріне қабылдау ережелері түсіндірілді. Магистратура, докторантура, медициналық бағытта білім алу, Назарбаев университетінің қабылдау жұмыстары бойынша да қосымша ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, "Қазақ тілін шетелде жүріп қалай үйренуге болады, онлайн курстар бар ма, шет елдерде қазақ тілінің кластары оқытылама?" деген сұрақтарға толық жауап айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ҚАНДАСТАР ОСЫ СҰРАҚТАР СІЗДЕРДІ ТОЛҒАНДЫРСА БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕДЕЛ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!!!

Орталыққа көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа аласыз:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар  үшін тегін);

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін);
+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін).

E-mail: komek@oq.gov.kz

Skype: komek@oq.gov.kz

Қандастарды дайындық бөліміне қабылдау ережелері түсіндірілді