АМАНАТ АРҚАЛАҒАН САПАР

29 Тамыз, 2019

  • Астрахан облысы Алтын Жар елді-мекеніндегі, қазақстандық тараптың қатысуымен салынған Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдени орталықтың мәртебесін реттеу;
  • Ресейде қазақтардың жинақы орналасқан жерлерінде қазақстандық мәдениет ұжымдарының концерттерін жиі және жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • қазақтардың жинақы орналасқан жерлерінде қазақ тілін оқытудың ең тиімді тәсілі ретінде қазақ тіліндегі бала-бақшалар құру мәселесін мемлекетаралық денгейде көтеру;
  • Қазақстаннан тыс аумақтардағы Қазақстан тарихына байланысты ғылыми ізденсітерді белсенді қолдау;
  • Қазақстан мүдделерін ілгерілетудің жаңа нысандарын қолдана отырып, Мәскеуде және жалпы Ресейде Абайдың 175-жылдық мерейтойын кеңінен атап өту;
  • қазақ диаспорасынның бастамаларын қолдауда, этникалық қазақтардың өзекті мәселелерін шешуде материалдық, ұйымдастырушылық және басқа да көмектер көрсетуде Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің жұмысын арттыру;
  • қазақ диаспорасы мен Қазақстанның мүдделерін ілгерілетуде атсалысып жүрген қазақ диаспорасының белсенді өкілдерінің, ғалымдардың, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің қызметтерін ынталандыру үшін арнайы марапат, сыйлық, медаль жариялау;
  • Ресейде тұратын қазақтар үшін Қазақстан тарихы, қазақ мәдениеті мен дәстүрлері, басқа да қоғам-саяси өімрдің мәселелері бойынша дәрістемелік жоба жасап, жүзеге асыру;
  • ғимарат мәселесін шеше отырып, қажетті оқытушылық, әдістемелік және материалдық қамтылуымен тұрақты негізде қазақ тілін үйретудің орталығын ашу;
  • өзге мемлекеттерде орналасқан атақты қазақтармен байланысты бейіттерді, мұражайлық кешендерді, көктастарды және басқа да нысандарды ұстап тұру бойынша қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • шетте тұратын жоғарыбілікті қазақтарды Қазақстанға тартудың ынталандыру жүйесін жасақтау;
  • қазақ диаспорасын қарапайым және түсінікті тілде қазақ фильмдерімен, мультфилімдермен, кітаптармен қамтамасыз ету;
  • қазақ қоғамдық бірлестіктерін бөлек ғимаратпен қамтамасыз теуде жәрдем беру, қазақ тіліндегі газеттердің шығарылуына қолдау көрсету.
Осы және басқа да ұсыныстар «Отандастар қоры» Қоғамының қызмтекері Жәлиевтің Ресей Федерациясының Астрахан, Мәскеу, Омбы қалаларына сапар барысында «Отандастар қоры» Қоғамына ұсыныстар ретінде түсті.

Жұмыс көп. Шешімін күтіп тұрған мәселелер шаш-етектен.




АМАНАТ АРҚАЛАҒАН САПАР