«Қандастарды қолдау шаралары» тақырыбында тікелей эфир өтеді

06 Тамыз, 2020

7 тамыз күні «Қандастарды қолдау шаралары» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Спикер: Мағауия Сарбасов, «Отандастар қорының» вице-президенті.

Тікелей эфир жүргізушісі: Еркін Байғабылұлы, журналист

Тікелей эфир барысында «Отандастар қорының» қандастарды қолдау шаралары талқыланып, әлемді және елімізді жайлаған пандемия кезінде атқарылған жұмыстар сөз болып, болашақтағы жоспарлар айтылады. Айта кетейік, онлайн эфир барысында өздеріңізді алаңдатқан сұрақтарыңызды қойып, тілектеріңізді де жеткізуге болады.

Өтетін уақыты: 7 тамыз, сағат 20:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Өтетін жері: «Отандастар қорының» Инстаграмдағы ресми парақшасы: https://www.instagram.com/otandastar_qory/

Ардақты ағайын, баршаңызды күтеміз, тікелей эфирде жүздескенше!

«Қандастарды қолдау шаралары» тақырыбында тікелей эфир өтеді