Қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының 49-тармағымен (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы) "С9" санатындағы білім алуға арналған виза Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында оқып жатқан адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Сонымен бірге, қағидаларымен визаның қолданылу немесе болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлардың, рейстің, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімінің кідірген жағдайларында «В20» санатындағы виза беруді қарастырады.
Жоғарыда аталғанды ескере отырып, көші-қон мәртебесін реттеу үшін шығу визасын ресімдеу үшін көші-қон қызметінің аумақтық басқармасына жүгіну керек.
Құрметті қандастар, Қазақстан азаматтығы жоқ ұлтты қазақ студенттердің елде болу мерзімін ұзарту туралы тағы да сұрақтарыңыз болса, 1404 нөміріне хабарласуға болады!