Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде «Отандастар қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы, бас менеджер Жалиев Нұрхан Бұхарбайұлы, сарапшы Галиакбарова Гузаль Газинуровна Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қырғыз Республикасындағы резидент емес Елші Лиат Вексельман кездесу өткізді.
Кездесу барысында шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдаудың израильдік тәжірибесіне баса назар аударылып, келесі мәселелер талқыланды:
-
Израиль Мемлекетінің диаспоралық саясаты және шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау мәселелерін реттейтін израильдік заңнамалар;
-
диаспораларды қолдаудың түрлері мен нысандарын қолданудың израильдік тәжірибесін зерделеу;
-
мемлекеттік және өзге де бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастарды тарихи отанына қайтаруға, көшіруге (репатриациялауға) жәрдемдесу практикасы;
-
тарихи Отанына келгендерге материалдық және басқа да әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар;
-
білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері;
-
этникалық репатрианттарды тұрғын үймен, жұмыспен, жер учаскелерімен, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
-
диаспоралардың негізгі әлеуметтік мәселелерін анықтау, әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік көңіл-күй деңгейін анықтау тәжірибесі және басқалар.