Құрметті отандастар, қадірлі қандастар!

20 Шілде, 2020

«Отандастар қоры» карантиндік шектеулерге байланысты табысынан айырылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыны алу жолдарын қандастарымызға нақтылап түсіндіру мақсатында 2020 жылы 23-ші шілде, сағат 15:00-де онлайн видеоконференция ұйымдастырады. Іс шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі қатысады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

•        42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыны алуға өтінім беру жолдары;

•        Аталған жәрдемақыға ҚР азаматтығын алмаған, қандас мәртебесі бар отандастарымыз қатыса ала ма?

•        Мемлекет тарапынан көрсетілетін басқада әлеуметтік көмек түрлері.

Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Сондай-ақ «Отандастар қорының» Facebook, Youtube желілерінде тікелей эфир жүргізіледі.

Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 Call орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласа аласыздар.

Құрметті отандастар, қадірлі қандастар!