«Отандастар қоры» карантиндік шектеулерге байланысты табысынан айырылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыны алу жолдарын қандастарымызға нақтылап түсіндіру мақсатында 2020 жылы 23-ші шілде, сағат 15:00-де онлайн видеоконференция ұйымдастырады. Іс шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі қатысады.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
• 42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыны алуға өтінім беру жолдары;
• Аталған жәрдемақыға ҚР азаматтығын алмаған, қандас мәртебесі бар отандастарымыз қатыса ала ма?
• Мемлекет тарапынан көрсетілетін басқада әлеуметтік көмек түрлері.
Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Сондай-ақ «Отандастар қорының» Facebook, Youtube желілерінде тікелей эфир жүргізіледі.
Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 Call орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласа аласыздар.